Нұр-Сұлтанда "қасқыр" түсірілген видеоның мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Нұр-Сұлтан полицейлері "қасқыр" түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан полицейлері "қасқыр" түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, биыл 27 желтоқсанда сағат 21:00-де "102" арнасына қала тұрғыны Панфилов көшесінде қасқыр жүргенін айтып, қоңырау шалған. Тұрғынның айтуынша, қасқыр сол жерде итті талап тастаған.

"Жасақ оқиға орнына барған соң факт расталды, полиция қызметкерлері жақындаған кезде жануар шабуыл жасамақ болған, осыған байланысты қызметтік қару қолданылған. Оқиға орнына шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана ветсервис" қызметкерлері жануарларды тексеріп, олар қаңғыбас ит екенін анықтап, арнайы көлікпен алып кетті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жабайы аңдар мен қаңғыбас иттер анықталған жағдайда "Астана ветсервис" қызметкерлеріне, әкімдікке немесе полицияға хабарлауды ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама