Нұр-Сұлтанда қатты боран болады

viewings icon
790
comments icon
0
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ертең, 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қатты боран болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ертең, 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қатты боран болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда тұрғындарына 112 нөмірінен ауа райы бұзылатыны туралы хабарлама келіп жатыр.

Реклама
Реклама

Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

9-10 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады.

9 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауады, кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

9 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде -22 градусқа дейін қатты аяз сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз қатты қар жауады, кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

9-10 желтоқсанда Жамбыл облысында тұман түседі. Таразда 9-10 желтоқсанда тұман түседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная