20 шілде 2022 | 16:44

Нұр-Сұлтанда қай сала мамандарының жалақысы өскені айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Александр Куприенко

Нұр-Сұлтанда кітапханашылар, әлеуметтік қызметкерлер мен жергілікті полиция қызметкерлері жалақысы өсті. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда кітапханашылар, әлеуметтік қызметкерлер мен жергілікті полиция қызметкерлері жалақысы өсті. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қызметкерлердің еңбек жағдайын жүйелі түрде жақсартуды ары қарай жалғастырамыз. 1 маусымнан бастап әлеуметтік, мәдениет (кітапханалар, мұражайлар), спорт, жергілікті полиция қызметі және т.б. мамандарының жалақысы көтерілді. Осылайша, елорда мекемелерінде жұмыс істейтін 4 мыңға жуық маман қамтылды", - делінген хабарламада.

Көлгіновтің айтуынша, әлеуметтік мекемелер, медициналық-оңалту орталықтары, кітапхана және т.б. орындарда жұмыс істейтін, жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысы 30 пайыздан 50 пайызға дейін көбейген:

Реклама
Реклама
  • "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы және "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 1,5 есе өсті;
  • Кітапханашылардың жалақысы 30 пайыздан аса ("Орталық кітапхана жүйесі" КММ), суретшілердің жалақысы 50 пайызға өсті;
  • Жергілікті полиция қызметінің жалақысы 30 пайызға дейін көтерілді, азаматтық қызметкерлер (С, D санаттары және разрядтаушылар) 1,8 есе өсті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осыған дейін медицина қызметкерлерінің, педагогтардың, коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы көтерілген болатын. Осы бағыттағы жұмыс ары қарай да жалғасатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная