29 наурыз 2022 | 21:37

Нұр-Сұлтанда "Қазмедиа" орталығынан өрт шықты

Сейсенбі, 29 наурызда Нұр-Сұлтанда "Қазмедиа" орталығында трансформатордан өрт шықты. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сейсенбі, 29 наурызда Нұр-Сұлтанда "Қазмедиа" орталығында трансформатордан өрт шықты. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт 20.15-те шыққан. Бүгінде өрт сөндіру жұмысына 13 адам мен 3 техника тартылған. 

"Күн бұзылуына байланысты, алдын ала деректер бойынша, қатты жел тұрып, "Қазмедиа" ғимаратына электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесіне су тиген. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, шатыр ішінара зақымданған болуы мүмкін. Депода қосалқы станцияның тұтануы салдарынан сағат 20:15-те теле және радиоарналардың эфирлері тоқтатылды. Ғимараттың құлақтандыру жүйесі қосылған және барлық қызметкерді эвакуациялау бойынша шаралар қабылданды. Техникалық қызметтер апат салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр", - деді "Қазмедиа" орталығы өкілдері.

Реклама
Реклама

Одан бөлек, күн бұзылуына және өрт салдарынан техникалық ақауларға байланысты "Хабар 24" телеарнасы хабар таратуды уақытша тоқтағанын хабарлады.

"Өртсөндірушілердің арқасында өрт 21.12-де сөндірілді. Өртті сөндіргеннен кейін аккумулятор батареясы өртенгені анықталды", - деді қалалық ТЖД өкілдері. 

Айта кетейік, Қазмедиа орталығы ғимаратында "Хабар", Qazaqstan, "Еуразия Бірінші арнасы" және тағы басқа республикалық мемлекеттік арналардың кеңсесі орналасқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная