Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар ашыла ма?

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева кинотеатрларды ашу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева кинотеатрларды ашу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жоқ, Нұр-Сұлтанда ашылмайды. Мен кинотеатрларға қатысты осыған дейін де айтқан болатынмын. Егер ашылатын болса, ол тек қаулы негізінде ашылады", - дейді Пірәлиева.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда өткен аптадағы коронавирус көрсеткіші алдыңғы аптадағы көрсеткіштен асады. 

Реклама
Реклама

"Көбіне мектеп жасындағы балалар мен ересектер ауырып жатыр. Сондықтан кинотеатрлар әзірше жұмыс істемейді.

Осымен оныншы күн жасыл аймақтамыз, бірақ көрсеткіш соңғы төрт күнде көбейіп жатыр. Егер 14 күн ішінде біз жасыл аймақта болсақ, сол кезде ғана босаңсуға болады. Бүгін тек 10-күн. Біз босаңсу туралы айта алмаймыз", - деді бас санитар дәрігер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама