ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қараша 2020 | 11:00
Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады
Нұр-Сұлтанда 8 қараша жексенбіде дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда 8 қараша жексенбіде дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Дүйсенбі 9 қарашада автобустар қайтадан қатынайды.
"Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді", - деп түсіндірді компания.
Еске салайық, елордадағы қоғамдық көлік жолаушыларына ыңғайлы болу үшін төлем жасаудың түрлі әдістері мен тарифтері қарастырылған:
- көлік әмияны - ақшаны көлік картасына аудару;
- көлік билеті - бұл 10 сапарға арналған қағаз көлік картасы;
- "SMS арқылы төлем жасау" - ұялы байланыс операторы арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз электронды түрде төлеудің қосымша қызметі;
- "QR-код арқылы төлем жасау" - жолаушының банк картасымен байланысқан мобильдік қосымша арқылы немесе абоненттік нөмірдегі теңгерімнен аудару арқылы жүзеге асырылады;
- бірлескен брендтік карта - жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесінде пайдалануға арналған көлік картасының интеграцияланған чипі бар жеке банктік карта.
Сонымен қатар, "ауысып отырумен 15 сапар", "ауысып отырумен 30 сапар" тарифтері бар. Ауысып отырулар 60 минут қолжетімжі және тек сапарлар санынымен ғана байланысты.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также