Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтайды

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтайды Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

18 сәуірде Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі City Transportation Systems-ке сілтеме жасап.

18 сәуірде Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі City Transportation Systems-ке сілтеме жасап.

"18 сәуір, жексенбіде Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес елордада қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекция жұмыстары жүргізіледі", - деді компания өкілдері.

Компания өкілдері автобустарда маска тағу режимін сақтауды ескертті. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынған. Сондай-ақ, жол ақысы тек онлайн қабылданады.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама