22 мамыр 2022 12:33

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған қызға тиіскен ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған қызға тиіскен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған қызға тиіскен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылдың 19 мамырында сағат 20:12 шамасында "Сарыарқа" ауданының полиция басқармасына қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған қызды аймалаған ер адам туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлері тез арада ер адамды ұстау амалдарын жасады. Іздестіру шаралары барысында күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды.

Реклама
Реклама

33 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram