1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істейді - CTS

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы CTS компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы CTS компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Карталары бар адамдар картамен төлейді. Халық кейбір жерлерде интернетке байланысты онлайн төлем жасай алмайды, бірақ бұл үшін ешкімді түсіріп кетпейді", - деді CTS баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ бағасының литрін 50 теңгеге төмендету туралы пікір білдіріп, халықты деструктив топтарға ермеуге шақырғаны хабарланды. 

Алматы мен Маңғыстауда төтенше жағдай жариялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!