Нұр-Сұлтанда көктайғақтан қоғамдық көліктер кідіріп жатыр

Фото © ️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана жолдарында мұз қатып жатыр. Қала маңындағы барлық автобус қозғалысы тоқтатылды, дауылға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана жолдарында мұз қатып жатыр. Қала маңындағы барлық автобус қозғалысы тоқтатылды, дауылға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) қала маңындағы барлық автобустың қозғалысы уақытша тоқтатылды", - деп хабарлады CTS компаниясының өкілдері.

Қалалық автобустар жүріп тұр, бірақ Желі қолданушылары автобустар келмей, аялдамада адамдар көп жиналып жатқанына, ал танымал такси қызметтерінде баға күрт өсіп кеткеніне шағымданды.

Реклама
Реклама

Астаналықтарға қалалық автобустардың қозғалысын бақылауға көмектесетін AstraBus қосымшасы да істемей тұр. IKomek мәліметінше, бұл техникалық ақауларға байланысты,  біраз уақыттан кейін қосымша жұмысын қалпына келтіреді.

Сонымен қатар, елордада дауылға байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер қатты тұман, көктайғақ, кейінірек боран болады деп болжап отыр. 

Айта кетейік, ертең 28 наурызда қоғамдық көліктер дезинфекциялық жұмыстарға байланысты жүрмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама