25 қазан 2021 08:56

Нұр-Сұлтанда көпірден секірген қызды куәгерлер құтқарып қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Куәгерлер Нұр-Сұлтандағы көпірден секіріп кеткен қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер Нұр-Сұлтандағы көпірден секіріп кеткен қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 24 қазанда сағат 14.33-те болған. Нұр-Сұлтан ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары "Атырау" көпірінен жасөспірім суға секіргені туралы хабар келіп түскеннен кейін оқиға жедел жеткен. Осы уақытта екі куәгер баланың суға секіргенін байқап, артынан секірген.

Реклама
Реклама

"Құтқарушылар келген соң екі адам ес-түссіз жатқан жасөспірімді жағаға дейін жеткізуге тырысты, құтқарушылар баланы жедел-құтқару жасағының орталығына алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дереу алып кеткен. Бағымызға қарай, 2006 жылы туған қыз құтқарылды. Оқиға орнына полиция департаменті мен жасөспірімнің ата-анасы шақырылды", - деп хабарлады ТЖД.

Қалалық ТЖ департаменті жасөспірімді құтқарған азаматтар туралы мәлімет білетіндерден Департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасына немесе 55-96-60, 8701-514-07-06 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram