ПОДЕЛИТЬСЯ
19 наурыз 2020 | 14:04
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 7 адам туралы не белгілі?
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 7 адам вирус анықталған адамдармен байланыста болған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам анықталды. Олар 25-52 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары. Олардың барлығы бұған дейін вирус анықталған адамдармен тікелей байланысты болған. Қазір олар стационарда карантинде жатыр. Емделіп жатыр. Жағдайлары жақсы", - деді Диас Ахметшәріп Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасында.
Бүгінде Қазақстанда барлығы 44 адам коронавирус жұқтырған, Алматыда - 19, Нұр-Сұлтанда - 25 адам.
Тағы екі қазақстандық шетелде: біреуі Германияда, тағы біреуі Венгрияда.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также