22 наурыз 2020 | 11:26

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған адамның жағдайы нашарлаған

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастың бірінің жағдайы нашарлаған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастың бірінің жағдайы нашарлаған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"22 наурызда коронавирус жұқтырған 2 адам тіркелді. Біріншісі - Қазақстан азаматы. Диагностика барысында коронавирустық инфекцияның болуы расталды. Бұл науқастың дене қызуы көтерілмеді, бірақ жағдайы ауыр дәрежеде. Екі жақты пневмонияның болуы, бірінші дәрежедегі тыныс алу жеткіліксіздігі бар", - дейді Сәуле Қисықова. 

Реклама
Реклама

Екінші науқас - шетел азаматы, Қазақстанға Лондоннан ұшып келген. 

Айта кетейік, әңгіме бүгін Нұр-Сұлтанда анықталған 2 адам жайлы. 

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда барлығы 31 адам, Алматыда - 22, Алматы облысында - 1 адам және Қарағандыда 2 адам тіркелген. Бүгінде Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны - 56. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная