12 сәуір 2020 | 17:14

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған жеті науқасқа қатысты деректер шықты

Фото: Әлихан Сариев

Бүгін елордада коронавирус жұқтырған жеті адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін елордада коронавирус жұқтырған жеті адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, олардың үшеуі науқастармен жақын қарым-қатынаста болған, тағы 4 жағдай-екі жақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігінің белгілерімен стационарлық емдеуде болған науқастар.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған дейін елордада пневмония және ЖРВИ-мен ауырып жатқан науқастар үшін арнайы корпустар ашылғаны хабарланған еді. Орталық жол ауруханасының терапиялық корпусы пневмониясы бар пациенттерді ғана қабылдайды деген еді. Блокта оқшауланған қабылдау-диагностикалық бөлімше ұйымдастырылды.

Ал №2 қалалық емхана базасында ЖРВИ белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін обсервациялық емхана ұйымдастырылды. ЖРВИ белгілері бар науқастарды тек №2 қалалық емхана қабылдайды. Бұл блоктардың ашылуы инфекцияның таралу қаупін төмендетуге және уақытылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, бүгінде елордада коронавирус жұқтырғандардың саны 238-ге жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная