09 сәуір 2021 | 14:51

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтыру дерегі былтырғы жазбен салыстырғанда 2 есеге артқан

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтыру дерегі көбейген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтыру дерегі көбейген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай бойынша елорда "қызыл" аймақта. Күн сайын орта есеппен коронавирус инфекциясын жұқтырған 430 жаңа жағдай тіркеледі. Бұл былтыр шілдедегі көрсеткіштен көп. Былтыр шілдеде күніне орта есеппен 180 жағдай тіркелген", - деді ол ОКҚ брифингінде.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі уақытта елордада коронавирус жұқтыру дерегі 2020 жылдың шілдесімен салыстырғанда 2,4 есеге өскен. Ол коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін 14 стационар (1 889 төсек) жұмылғанын айтты.

Реклама
Реклама

9 сәуірдегі жағдай бойынша 985 науқас стационарларда емделіп жатыр. Оның ішінде коронавирус жұқтырған 901 адам, пневмониямен 84 адам жатыр. Реанимацияда 95 адам бар, оның ішінде 21 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Төрт мыңға жуық адам үйінде емделіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная