Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты қашан төтенше жағдай жариялануы мүмкін?

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты қашан төтенше жағдай жариялануы мүмкін?

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтанда қашан төтенше жағдай жариялануы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтанда қашан төтенше жағдай жариялануы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бәрі жалпы жағдайға байланысты. Қалада вирус жұқтырғандардың саны бесеуден асса, ұсыныс қаралады", - деді Сәуле Кисықова брифингте.

Қазақстанда коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан барлығы 6 адам бар. Стационарлық карантинде 1090 адам, үй карантинінде 452 адам жатыр. 

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтанда 2 жағдай, Алматыда 4 жағдай тіркелді.

Коронавирус жұқтырған жолаушымен Варшавадан Нұр-Сұлтанға 86 адам ұшып келген. Бұл екінші оқиға.

Ал бірінші жағдайда коронавирус жұқтырған адаммен ұшқан 53 жолаушы Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылды. Бортта барлығы 89 жолаушы болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама