20 шілде 2022 | 12:56

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қатысты болжам айтылды

Сұлу Бөлек Корреспондент

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, аурушаңдық тамыздың ортасына дейін артады. Тамыздың аяғы - қыркүйекте бәсеңдейді. Нұр-Сұлтан бойынша да осындай болжам жасап отырмыз. Сондықтан қазір аурушаңдық көбейіп барады. Біз тамыздың ортасына дейін бұл өсім жалғасады деп болжаймыз", - деді Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Елорданың бас санитария дәрігері қазақстандықтарды денсаулығын сақтауға, қоғамдық орындарда бетперде тағып жүруге және коронавирустың алғашқы белгілері байқалғанда дәрігермен кеңесуге шақырды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният Қазақстандағы коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша жаңартылған болжамды жариялаған болатын. Пессимистік сценарий бойынша тіркелген жағдайлардың ең көп саны күніне 4000 науқасқа дейін, реалистік сценарий бойынша - 2400-ге дейін, оптимистік сценарий бойынша - күніне 1000 жағдайға дейін болатыны хабарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная