ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2020 | 16:39
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа күдікті адамдарға қанша орын дайындалды?
Нұр-Сұлтанда науқастар мен коронавирусқа күдікті адамдар үшін 500-ден астам орын дайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда науқастар мен коронавирусқа күдікті адамдар үшін 500-ден астам орын дайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталған адамдарды емдеу және диагностикалау үшін төсек-орындар жайлы. Коронавирус расталған адамдар үсанатына арнайы стационарлар бар. Бұл жағдайға 210 төсек қарастырылды. Келесі түрі - провизорлық стационар. 300-ден астам төсек вирус жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар тобы үшін жоспарланған. Бүгінгі таңда төсек қоры жеткілікті", - деді Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан барлығы 6 адам бар. Стационарлық карантинде 1090 адам, үй карантинінде 452 адам жатыр.
Нұр-Сұлтанда 2 жағдай, Алматыда 4 жағдай тіркелді.
Коронавирус жұқтырған жолаушымен Варшавадан Нұр-Сұлтанға 86 адам ұшып келген. Бұл екінші оқиға.
Ал бірінші жағдайда коронавирус жұқтырған адаммен ұшқан 53 жолаушы Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылды. Бортта барлығы 89 жолаушы болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также