Нұр-Сұлтанда коронавируспен күресу үшін қанша ақша бөлінді?

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов коронавируспен күреске жұмсалған қаражат туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов коронавируспен күреске жұмсалған қаражат туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл басынан бері тек материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 4 миллиард теңге бөлдік. Сыйақы мен төлемдер бойынша біз қалалық дәрігерлерге 3 миллиард теңгеден аса қаржы бөлдік, жұмысты жалғастырып жатырмыз. Бүгін 14 тыныс алдыру аппаратын алдық, қосымша 50 аппаратқа тапсырыс бердік. Барлығы 200 аппарат. 500 флуометр мен 500 медициналық төсек орны", - деді Көлгінов.

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, стационарлар күн сайын дәрі-дәрмектермен толықтырылады.

Реклама
Реклама

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның коронавируспен күреске қанша ақша бөлгенін айтқан еді. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне 114 миллиард 826 миллион теңге бөлінді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама