Нұр-Сұлтанда коронавирустан қанша адам қайтыс болды?

© Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов үкімет отырысында астанада коронавирустан 225 адам қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов үкімет отырысында астанада коронавирустан 225 адам қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, 225 адам қайтыс болды. 1511 адам стационарда ем қабылдап жатыр. Жағдайы ауыр науқастардың саны 54,3 пайызға - 199 адамнан 108 адамға азайды", - деді Көлгінов. 

Алайда coronavirus2020.kz сайтында астанада коронавирустан 195 адам қайтыс болғаны туралы ғана ақпарат бар.  

Реклама
Реклама

Көлгіновтің сөзінше, Нұр-Сұлтанда жалпы 10 320 адам коронавирус жұқтырса, 7260 адам немесе 70 пайызы аурудан айыққан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама