25 маусым 2020 | 13:21

Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған алты адам туралы не белгілі?

22 маусымға қараған түні Нұр-Сұлтанда коронавирустан алты адамның қайтыс болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

22 маусымға қараған түні Нұр-Сұлтанда коронавирустан алты адамның қайтыс болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қайтыс болғандарға қатысты мәлімет берді.

Реклама
Реклама

1967 жылғы ер адам қайтыс болды.

"Ер адам 29 мамырда тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға келіп, әлсіздік барын айтқан. Тест сараптамасы оң нәтиже көрсеткен. Жағдайының нашарлауына байланысты 30 мамырда жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жатқызылған. Түскен кезде дене қызуы, жөтел, әлсіздік болған. Пациенттің айтуынша, 27 мамырдан бастап өз бетінше емделді. Артынша жағдайы қатты нашарланған, жүрек қызметінің тоқтауы байқалды, жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан биологиялық өлім тіркелген", - деп хабарлады басқармадан.

1967 жылғы туған әйел қайтыс болды. Ол қант диабеті, созылмалы пиелонефрит аурулары бойынша есепте тұрды.

"2020 жылдың 13 маусымында жағдайдың нашарлауына байланысты жедел медициналық көмек шақырып, ауруханаға жатқызылды. Шағымдары: жалпы әлсіздік, жөтел, ауа жетіспеушілігі, тамақ қышуы, құрғақ жөтел, тершеңдік, дене температурасының 38 градусқа дейін жоғарылауы. Науқастың айтуынша, жоғарыда сипатталған симптомдармен ол 5-6 күн бойы ауырған. Түскен кезде жалпы жағдайы ауыр болған. Жағдайдың ауырлығы тыныс алу жеткіліксіздігіне, интоксикациялық синдромға, қосымша патологияға (қант диабеті, артериялық гипертензия) байланысты. Компьютерлік томографияда екіжақты полисегментарлы пневмонияның белгілері байқалған. Жүрек қызметінің кенеттен тоқтауы тіркелген, жүргізілген үздіксіз реанимациялық іс-шараларға қарамастан, науқас қайтыс болды", - делінген хабарламада.

1956 жылғы ер адам.

"2020 жылы 15 маусымда емханаға келіп. жөтел, температураның 37,8 градусқа дейін көтерілгенін айтқан. 16 маусымда аурухананың провизорлық бөліміне жатқызылды. Шағымы: ентігу, жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, жөтел. Науқастың жағдайы өте ауыр болды, жағдайдың ауырлығы айқын тыныс алу жетіспеушілігімен, интоксикациялық синдроммен байланысты. Жансақтау бөліміне ауыстырылды. Жүрек қызметінің кенеттен тоқтауы тіркелді, жүргізілген үздіксіз реанимациялық іс-шараларға қарамастан пациент қайтыс болды. Ауыр дәрежедегі екіжақты полисегментті пневмония диагнозы қойылды", - деп хабарлады таратылған хабарламада.

1951 жылғы туған әйел. Ведомствоның мәліметінше, ол екінші типтегі қант диабеті, артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұрған.

"10 маусымда жедел жәрдем шақырған. 2020 жылдың 12 маусымында жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылады. Полиоргандық жеткіліксіздік есебінен жағдайы нашарлаған. Жүрек қызметінің тоқтауы, үздіксіз реанимациялық іс - шараларға қарамастан, науқас қайтыс болды", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.

Диагноз - короновирус инфекциясы, төменгі тыныс жолдарының зақымдануым, екіжақты полисегментарлы пневмония.

1962 жылғы ер адам.

"2020 жылдың 18 маусымында ер адам әлсіздік, тыныс алудың қиындауына шағымданды. Жұмыс кезінде дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген. Пациенттің айтуынша, бір апта бойы ауырып, қызу түсіретін дәріні көп ішкен. Медициналық көмекке қаралмаған. Флюрографиялық тексеру жүргізілген соң екіжақты полисегменттік пневмония диагнозы қойылған. Тыныс алу жетіспеушілігіне байланысты пациент реанимация бөліміне ауыстырылды. Пациентте жүрек қызметінің кенеттен тоқтауы тіркелді, жүргізілген үздіксіз реанимациялық іс - шараларға қарамастан пациент қайтыс болды", - деп нақтылады ведомстводан.

Диагноз - коронавирус инфекциясы, ауыр дәрежедегі екіжақты полисегментарлы пневмония.

1975 жылғы ер адам.

"2020 жылдың 11 маусымында жедел жәрдем шақырған, шақырудың себебі: бүйрегі ауырған, дене қызуы жоғарылаған. Бүйрек және несепағар тастары диагнозымен №2 ауруханаға жеткізілді. ПТР-тестінің оң нәтижесін алған кезде № 3 ауруханаға ауыстырылған. Тыныс алу жеткіліксіздігі симптомдарының пайда болуы есебінен жағдайы нашарлаған. Жүргізілген реанимациялық іс - шараларға қарамастан, науқас қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Диагноз - коронавирустық инфекция, екіжақты пневмония.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная