12 қаңтар 2021 | 16:56

Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтардың алғашқы онкүндігінде елорда "сары" және "қызыл" аймақтардың шекарасында тұр. Жаңа ылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең аяқталғанын ескере отырып, коронавирус жұқтырған науқастар саны артып жатыр.  

Реклама
Реклама

"Қазір қала "сары аймақта" орналасқанына қарамастан сырқаттанушылық санының өсуі байқалады. Бұл, бір жағынан, COVID-19 инфекциясына тест тапсыратын адам санының екі есе өсуіне, ал екінші жағынан қала тұрғындарының мерекелік жаңа жыл күндерінде шектеу шараларын сақтамауына байланысты.

Сондай-ақ айрықша атап өтерлігі дәрігерлерге өздігінен қаралатын халықтың үлесі артып келеді. Бұл тұрғындардың жауапкершілігі жоғары екенін және коронавирус инфекциясының салдарына алаңдайтынын көрсетеді. Өз бетімен ем-дом қолдануға болмайды. Өзін, туыстарын және айналасын қорғау үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтап, маска тағу қажет", - деді елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова науқастар саны өсуі жалғасқан жағдайда қосымша шектеу шаралары қабылданатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная