ПОДЕЛИТЬСЯ
07 шілде 2020 | 15:46
Нұр-Сұлтанда күніне 300 адам пневмониямен ауруханаға жатқызылады
Нұр-Сұлтанда маусым айында ауруханаға пневмониямен 1700 адам түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда маусым айында ауруханаға пневмониямен 1700 адам түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
"Нұр-сұлтан бойынша электрондық денсаулық сақтау филиалының ресми ақпараты бойынша, маусымда пневмониямен ауыратын науқастар 2,2 есе көп тіркелген. Күн сайын 200-ге жуық, соңғы күндері 300 пациент пневмониямен ауруханаға жатқызылып жатыр", - деді Қисықова ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, пневмониямен ауыратын науқастардың бір бөлігі үйде ем алып жатыр. Сондай-ақ, күн сайын қалада 50-60 жағдай тіркелетіні айтылады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также