ПОДЕЛИТЬСЯ
19 ақпан 2022 | 13:49
Нұр-Сұлтанда құрылыс краны құлады: ТЖМ оқиғаның мән-жайын айтты
ТЖМ өкілдері Нұр-Сұлтандағы құрылыс кранының құлауына байланысты оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ТЖМ өкілдері Нұр-Сұлтандағы құрылыс кранының құлауына байланысты оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға 18 ақпанда сағат 17.07-де Нұр-Сұлтан қаласының аумағында, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 89/а мекенжайында болған.
"Салынып жатқан нысан аумағында QTZ 100 (2013 жылы шығарылған) мұнара краны секциясы сынып кеткен, салдарынан кран құлап түсті. Салдарынан 1970 жылы туған қызметкер қайтыс болды", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.
ҚР ТЖМ ӨБ департаментінің инспекторлары куәгерлерден сауалнама жүргізді, бақылау камераларынан бейнежазбалар алынды және апатты тексеру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына ТЖМ ЖҚЖК, Нұр-сұлтан әкімдігінің өкілдері және мүдделі тұлғалар кіреді.
Апатты тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мұнара кранының құлауының себептері мен мән-жайлары анықталады, сондай-ақ толық ақпарат ұсынылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также