02 ақпан 2022 | 14:43

Нұр-Сұлтанда "қызыл" мәртебе талабын бұзғандардың саны анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда қаңтар айында 3910 адам "қызыл" мәртебе талабын бұзған. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда қаңтар айында 3910 адам "қызыл" мәртебе талабын бұзған. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаланың бас санитария дәрігері елордада жыл басынан бері коронавирус ауруына қатысты жағдай өте шиеленісіп тұрғанын айтты.

"Қазіргі тұрақтандыру үрдісіне қарамастан, ауру жұқтыру жоғары деңгейде. Бір күнде 822 адамның ауру жұқтырғаны анықталды. 2022 жылдың басынан бері 79 494 жағдай тіркелді, бұл республикадағы барлық тіркелген жағдайдың 45 пайызын құрайды", - деді Бейсенова.

Реклама
Реклама

Елордалық санитария дәрігер сырқаттанған адам қайтадан вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін еске салды. Барлық адамдар профилактикалық шараларды сақтауы керек: бетперде кию, қашықтықты сақтау, қолды дезинфекциялау.

"Тек қаңтар айында "қызыл" мәртебе талабын бұзған 3 910 адам анықталды. Пандемиямен күресте сіз қоса алатын маңызды үлес - карантиндік шараларды қатаң сақтау және әлеуметтік жауапкершіліктің барынша жоғары деңгейін көрсету", - деді Сархат Бейсенова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная