ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қыркүйек 2021 | 12:08
Нұр-Сұлтанда "қызыл" мәртебе талабын бұзғандардың тізімі жарияланды
Елорда тұрғындарының арасында COVID-19 ПТР-тестінің оң нәтижесі анықталғаннан кейін карантиндік шектеулерді, сондай-ақ екі апталық өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғандар бар. Олардың тізімі елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Карантинді бұзушылар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін сауда-ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық тамақтану объектілерінде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында анықталды.
ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 510 теңгеге (30 АЕК) айыппұл салынды.
Құқық бұзушылардың тізімін мына жерден көруге болады. Онда 17 адамның тізімі бар.
Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, үй карантиніндегі тұрғындардан, инфекция таратпау үшін өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтауды сұрайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также