29 сәуір 2022 | 08:36

Нұр-Сұлтанда лаңкестікке қарсы жаттығулар басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Нұр-Сұлтанда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу басталды. Бұл туралы елорданың Терроризмге қарсы шұғыл штабы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу басталды. Бұл туралы елорданың Терроризмге қарсы шұғыл штабы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, оқу-жаттығу 29 сәуірде сағат 08.00-14.00 аралығында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның Техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Шу көшесінің аяқталған тұсы, Әл-Фараби-Қошқарбаев көшелерінің қиылысы) өтеді.

Іс-шара мақсаты - шұғыл штабтың күштері мен құралдарының террористік әрекеттерге дереу жауап қайтару бойынша дайындығын тексеру.

Реклама
Реклама

Жаттығу түрлі күрделі элементтерді қамти отырып, ұрыс жағдайына барынша жақындатылған.

Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеулер қойылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - деді Терроризмге қарсы күрес қауымдастығы өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная