16 шілде 2022 | 16:27

Нұр-Сұлтанда М-1 көпірі бір айға ішінара жабылады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М-1 көпіріндегі жол төсемін жөндеу жұмыстарын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М-1 көпіріндегі жол төсемін жөндеу жұмыстарын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 16 шілде мен 15 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі М-1 көпірі жол учаскесінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады. 

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауын сұраймыз", - делінген басқарманың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная