24 қыркүйек 2021 17:06

Нұр-Сұлтанда марафон кезінде қай көшелер жабылады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:astana.gov.kz

Нұр-Сұлтандағы Astana Marathon-2021 кезінде бірнеше көше жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы Astana Marathon-2021 кезінде бірнеше көше жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Елордада 26 қыркүйекте "Astana Marathon-2021" өтеді. Осыған байланысты жүгіру бағыты толық немесе ішінара өтетін көшелер жабылады.

"Astana Marathon-2021" марафонын өткізуге байланысты 26 қыркүйекте сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін жүгіру бағыты бойынша көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Реклама
Реклама

Осы уақытта жүгіру бағыты өтетін көшелер толығымен немесе ішінара жабылады. Желаяқтар екі қашықтық бойынша жүгіреді: 10 км және 42,2 киллометр.

10 киллометр қашықтықта өтетін бағыт: Рысқұлов - Қабанбай батыр - Орынбор - Мәңгілік Ел - Рысқұлов бағыты бойынша өтеді.

42.2 киллометр жүгіру келесі бағыт бойынша өтеді: Рысқұлов - Қабанбай батыр - Орынбор - Мәңгілік ел - Қалдаяқов - Панфилов - Тәуелсіздік - Нәжімеденов - Нұрмағамбетов - Байтұрсынов - Қошқарбаев - Жұмабаев - Момышұлы - Абылай хан - Қажымұқан - Жұмабаев - Қошқарбаев - Қонаев - Қазақ радиосы - Достық - Мәңгілік Ел - Рысқұлов.

Сонымен қатар, марафонды өткізу аясында сағат 07:00-ден 14:00-ге дейін 57 қозғалыстағы қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгереді. Олар: № 2, 3, 4, 4А, 5, 5А, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21, 22, 22А, 23, 24, 25, 28, 29, 30, 31, 33, 35, 37, 40, 41, 44, 46, 48, 51, 52, 53, 54, 56, 60, 61, 70, 71, 72, 73, 80, 302, 303, 304, 308, 309, 313, 314, 315, 316, 318, 320, 321.

Сондай-ақ 7 бағыттың қозғалысы тоқтатылады: №№ 15, 15а, 18, 32, 47, 50, 323.

Жоғарыда аталған бағыттар бойынша қоғамдық көліктің жұмысы көшелер ашылғаннан кейін қалпына келтіріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды