ПОДЕЛИТЬСЯ
07 сәуір 2019 | 17:12
Нұр-Сұлтанда медициналық қалдықтар салынған көлік табылды
Нұр-Сұлтанда медициналық қалдықтар салынған көлік табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда медициналық қалдықтар салынған көлік табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Tengrinews.kz оқырманы редакцияның WhatsApp-нөміріне +7 777 001 44 99 видео жіберіп, хабарлады. Видеода сары қорапта қолданылған ине мен системаларға толы екенін көруге болады. Жақын маңда осындай қораптар салынған авто тұр, соған қарағанда оның іші медициналық қоқысқа толы болса керек. Видео авторының айтуынша, жүк тиелген көлік Нұр-Сұлтан аулаларының бірінде тұрғанына біраз болған екен.
видеодан үзінді
"Бұл медициналық қалдықтар бар қорап, толық пайдаланылған инелер мен системаларды қараңыз. Міне, осы қорапты балалар үш күн бойы иесіз қалған көліктен алып шықты. Медициналық қалдықтарға толы. Бұл көліктің тұрғанына бірнеше күн болды. Алдымен Момышұлы, 14, 12, үйлердің жанында, аулаларда тұрды. Енді осы жерге тастап кетіпті. Мен, әрине, ережелерді білмеймін, бірақ менің ойымша, мұндай заттар еркін қол жеткізетіндей болмауы тиіс. Балалар осы пайдаланылған инелерді қолына алады. Қазір "102" - ге қоңырау шалдық. Бұл қораптан бір елі алыстамай тұрмыз. Өйткені қазір балалар біреуін алып, бірдеме жұқтыруы мүмкін. Онда АИТВ жұқтырғандар немесе гепатитке қарсы системалар қолданылған болуы мүмкін", - деп түсіндіреді кадр дауысы.
"Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары шықты. Медициналық қалдықтарды, сондай-ақ осы автокөлік құралдарын жинауға, сақтауға және кәдеге жаратуға жауапты ұйымның қораптар, контейнерлер, ілеспе құжаттары бойынша сәйкестендіру рәсімдері жүргізіледі. Нәтижелері бойынша тексеру жүргізіледі. Тексеруді ұйымдастыру шаралары 2019 жылдың 8 сәуірінде, дүйсенбі күні басталады", - деді Нұр-сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов.
Показать комментарии
Читайте также