21 желтоқсан 2021 | 11:13

Нұр-Сұлтанда мектептерге Қонаев, Серкебаев және Ақышев есімдері беріледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда бірнеше мектепке белгілі қайраткерлердің есімі берілмек. Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда бірнеше мектепке белгілі қайраткерлердің есімі берілмек. Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет Нұр-Сұлтан қаласының мына білім беру ұйымдарына жаңа атау беруді жоспарлап отыр:

  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 11 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 49 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 69 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 2 Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Роза Бағланованың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 3 Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 66 мектеп-лицейі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 77 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 83 мектеп-гимназиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Ыбырай Алтынсариннің есімі.
Реклама
Реклама

Қаулы жобасын жария талқылау 23 желтоқсанға дейін жалғасады. Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram