ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпан 2021 | 12:37
Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде миллиард теңгеден аса қаражат ұрланған - ҚМА
Қаржы министрлігі қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік сатып алу кезінде Нұр-Сұлтан әкімдігінің мердігер ұйымдары бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі миллиард теңгеден асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрлігі қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік сатып алу кезінде Нұр-Сұлтан әкімдігінің мердігер ұйымдары бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі миллиард теңгеден асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тергеу барысында елорда әкімдігі тауарлық-материалдық заттарды көтерілген бағамен сатып алғаны анықталды. "Мемлекетке келтірілген шығын көлемі миллиард теңгеден асады. Бұл қаражатқа 300 орындық балабақша салуға немесе медициналық мекемелерге сапалы жабдық сатып алуға болады", - деді агенттік өкілдері.
ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбады.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде қала әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіров 90 миллион теңгеден аса қаражат жымқырды деп айыпталғаны хабарланған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша облыс орталығын Жаңа жылға безендіруге бюджеттен ақша бөлінген. Бірақ шышрша мен шамдардың орнына жоғары лауазымды шенеунік қаражатты 31 миллион теңгенің Lexus көлігін сатып алуға жұмсаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также