12 қыркүйек 2019 16:05

Нұр-Сұлтанда Mercedes-Benz өртенді

Нұр-Сұлтан қаласының орталығында Mercedes-Benz өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының орталығында Mercedes-Benz өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлер оқиғаның видеосы мен суреттерін редакцияға жіберді. Автомобиль Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының бойында өртенді. 

Реклама
Реклама

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 12:46-да өртті толығымен сөндірді. 

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов 12 қыркүйекте "101" кезекші пультіне Mercedes-Benz маркалы автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабар түскенін айтады. 

"Өрт сөндірушілер келген уақытта автомобильдің қозғалтқыш бөлігі мен салоны өртеніп жатқан. Дереу шара қолданылып, өрт сөндірілген. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр", - деді Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram