25 желтоқсан 2020 11:22

Нұр-Сұлтанда мереке күндері автобустар қалай жұмыс істейді?

© Тұрар Қазанғапов

Елордада демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін қарбалас уақытта автобустар санын көбейте отырып, қалалық қоғамдық көліктің жұмыс істеуіне рұқсат берілді", - дейді Пірәлиева қалалық әкімдікте өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ол соңғы аялдамада автобус салонын дезинфекциялау, әрі барлық есікті ашу және жолаушыларға қолжетімді орындарда антисептик орнату талабы сақталатынын айтты.

Жолаушылар автобуста қашықты қатаң сақтап, міндетті түрде маска тағуы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram