15 шілде 2021 | 13:54

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер саябағының эскизі пайда болды

1 қыркүйекке қарай Нұр-Сұлтанда мұғалімдер саябағы ашылады. Қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында жоспарланған демалыс орнының эскиздерін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 қыркүйекке қарай Нұр-Сұлтанда мұғалімдер саябағы ашылады. Қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасында жоспарланған демалыс орнының эскиздерін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саябаққа USTAZ Alany (мұғалімдер саябағы) деген атау беріледі, ол астананың оң жағалауында, Пушкин көшесінде, Абылай хан даңғылы мен Ақбұлақ өзенінің бойындағы Беласар көпірінің арасында пайда болады. Учаскенің ауданы - 1,2 гектар.

Реклама
Реклама

Жаңа алаң қолданыстағы саябақты қайта құру есебінен пайда болады. Басқарма өкілдері бұл Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен жақындығын ескере отырып, демалуға, серуендеуге және оқуға арналған орын болатынын атап өтті. 

Саябақта гамактар, отыратын орындар, тақырыптық инсталляцияларға арналған орын, балалар алаңы, шеберлік сыныптарына арналған кеңістік пайда болады.

Сондай-ақ, саябақ аумағында кітап алмасу үшін кітап қораптарын орнату жоспарланған. Аллеяда жарықтандырылған орындықтар мен шамдар болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная