29 мамыр 2020 | 13:20

Нұр-Сұлтанда нәресте мен 96 жастағы әйел коронавирус жұқтырды

©РИА Новости

Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырған 48 адам анықталды, олардың ішінде 96 жастағы әйел мен сәби бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырған 48 адам анықталды, олардың ішінде 96 жастағы әйел мен сәби бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Барлығы 48 жағдай тіркелді.

Реклама
Реклама

Ауруханаға жатқызылғандардың арасында мұның алдында ПЦР тесті оң нәтиже көрсеткен алты адам болды. Олардың ішінде 16 күндік сәби, үш айлық және екі жасар қыз, 24 жастағы қыз, сондай-ақ 72 және 96 жастағы екі әйел бар.

Вирус анықталған сегіз адаммен бір және жеті жастағы бала, үш жасар қыз, сондай-ақ 29 және 49 жастағы әйелдер, 20, 36 және 50 жастағы ерлер жақын байланыста болған.

Вирустың алдын алу мақсатында тексерілгендер арасында коронавирус 30 және 37 жастағы ерлерден, сондай-ақ 37, 50 және 58 жастағы әйелдерден анықталды.

16 адам медициналық көмекке өзі жүгінген: 13 жастағы бала, 19-дан 46 жасқа дейінгі ерлер және 23-тен 66 жасқа дейінгі әйелдер.

Сонымен қатар, 13 науқас вирусты мұның алдында жұқтырған адаммен байланыста болған - 24-60 жастағы әйелдер мен 52 және 53 жастағы екі ер адамнан анықталды.

Еске салайық, Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 356 адам тіркелді. Ел бойынша жалпы өсім - 3,7 пайыз. Нұр-Сұлтан бойынша өсім - 2,6 пайыз. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная