10 қаңтар 2021 | 16:52

Нұр-Сұлтанда он метрлік аққала жасалды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Көктал саябағында (Сарыарқа ауданы) ең үлкен аққала жасалды. Оның биіктігі - 10 метр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласындағы Көктал саябағында (Сарыарқа ауданы) ең үлкен аққала жасалды. Оның биіктігі - 10 метр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Әбдірахман Дәуленбаевтың айтуынша, алып аққаланың салынуына бюджет қаражаты бөлінбеген.

Реклама
Реклама

"Елорда әкімдігі мен Сарыарқа ауданы тұрғындарының ынтасы мен бірлескен күш-жігерінің арқасында ауданның да, қаланың да көрікті жеріне айналған Аққала пайда болды. Жоба авторы - белгілі мүсінші-суретші, "Қазақ елі" монументінің авторы Сембіғали Смағұлов", - деді Әбдірахман Дәуленбаев.

Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкен аққала қаңқасыз жасалып шыққанын мәлім етті.

"Аққаланы салу кезінде белгілі бір қиындықтар болды, өйткені қатты аяздың салдарынан қар дұрыс жабыспай, құм сияқты шашылып жатты. Оның биіктігі - 10 метр, шарфының ұзындығы - 20 метр. Қалпақтың орамы - 5 метр", - деді Елнар Базыкен.

Елордада салынған аққала Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең үлкен деген атаққа үміткер болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная