07 қаңтар 2021 | 13:18

Нұр-Сұлтанда өрт болып, 13 көлік жанып кетті

Нұр-Сұлтанда 13 көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда 13 көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап. 

Оқиға бүгін, 7 қаңтарда сағат 08:52-де Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесіндегі көлік жуу орталығында болған. Көліктер өртеніп жатқаны туралы келіп түскен шақыруға Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінен 9 бірлік техника мен жеке құрамнан 15 адам шыққан.

Реклама
Реклама

Өртсөндірушілер сағат 08:59-да келіп, "Батыр" көлік жуу орнының екі қабатты ғимаратында көліктер жанып жатқанын анықтады.

Алдын ала болжам бойынша, 13 жеңіл автокөлік зардап шекті.

"Көлік жуу орнында автокөлік көп болғандықтан өртті сөндіру біраз қиынға соқты, бірақ өртсөндірушілердің жедел және сауатты іс-қимылдарының арқасында өрт 10 сағат 21 минут ішінде ауыздықталып, 10 сағат 53 минут ішінде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД азаматтарға, ТҚС және басқа да кәсіпорындардың иелеріне қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, тұрмыстық техниканы, элетроприборларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты  сақтауға, электр сымдарының оқшаулағышы зақымдалған аспаптарды пайдаланбауға сенімді түрде кеңес берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram