15 желтоқсан 2020 15:39

Нұр-Сұлтанда полиция жұмысы күшейтіледі

Нұр-Сұлтан полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл 16-20 желтоқсанда қазақстандықтардың Тәуелсіздік күнін атап өтумен байланысты қолға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтанда жаяу наряд саны артып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шара қолға алынады. 

Реклама
Реклама

"Қауіпсіздік үшін көшелер мен көпқабатты үйлердің ауласы, әсіресе көңіл көтеретін орындар орналасқан аудандарда және адамдар көп жиналатын орындарда патрульдер болады. Көшелерде пабруль қызметінің нарядындағы мамандарды көбейтеміз", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ полицейлер карантин режимінің сақталауын қадағалайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram