23 сәуір 2022 16:15

Нұр-Сұлтанда пранкерлер ұсталды

Сурет: Tengrinews.kz мұрағатынан

Елордалық полицейлер пранкерлерді ұстап, жазаға тартты. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық полицейлер пранкерлерді ұстап, жазаға тартты. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат бойынша, 21 сәуірде сағат 19.28-де 102 пультіне Сейфуллин және Уәлиханов көшелерінің қиылысында автокөліктің жүксалғышында қолы мен аяғы скотчпен байланған ажам жатыр деген қоңырау түскен.

"Оқиға орнына дереу полиция наряды жіберілді. Оқиғаға қатысқан барлық адам анықталып, ұсталды. Олар 19-22 жас аралығындағы жастар. Істің мән-жайын анықтау барысында қоғамдық тәртіпті бұзушылар әлеуметтік эксперимент жүргізгені анықталды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Реклама
Реклама

Құқықбұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапқа тартылды, материалдар әкімшілік сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram