ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 маусым 2022 09:49
Нұр-Сұлтанда референдум өтетін күні қоғамдық көлік тегін жүреді
Нұр-Сұлтанда референдум өтетін күні (5 маусым) қоғамдық көлік тегін жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CTS баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қала маңына қатынайтын маршруттармен де тегін жүруге болады. Автобустар бұрынғыдай сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2020 жылдың наурызынан бастап кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру жүйесі енгізілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу