ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қараша 2021 | 15:40
Нұр-Сұлтанда ресейлік нөмірмен жүрген көлік иелері наразылыққа шықты
Нұр-Сұлтандағы арнайы ХҚКО ғимараты маңында ресейлік нөмірмен жүрген көлік иелері наразылыққа шықты. Олар Ішкі істер министрлігі тексерулеріне наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтандағы арнайы ХҚКО ғимараты маңында ресейлік нөмірмен жүрген көлік иелері наразылыққа шықты. Олар Ішкі істер министрлігі тексерулеріне наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордалық арнайы ХҚКО ғимаратына сағат 13.00-де жүзге жуық жүргізуші жиналған. Олардың бәрі Ресейде тіркелген көлік иелері. Алайда олардың көбі көлігін Қазақстанда сатып алған.
"Мен бір жыл бұрын көлік сатып алғанмын. Ресейлік, рөлі оң жақта. Тіркеу куәлігін, сақтандыруды осы жақта жасаттым. Бұлай боларын білген жоқпыз. Шекарадан өткізгенде, рөлі оң жақта екенін көрді. Көліктің бәрін айып тұрағына ала беру шешім емес. Көбінің несиесі бар. Айып тұрақтарының қайсын қарамасаңыз, ресейлік көліктер толып тұр. Не істеу керегін білмейміз", - деді наразылққа шыққан жүргізушілердің бірі.
Ол Toyota Alphard көлігін 3,8 миллионға сатып алғанын айтты. Қазақстанда оң жақ рөлді көліктер тіркеуге жатпайды, сондықтан көлікті бөлшектеуге ғана ұсынуға болады.
Ол былтыр ресейлік көліктерді жүргізуге тыйым салынғанын естігенін мойындады. Бірақ содан кейін WhatsApp желісінде жүргізушілерге оң жақ рөлді көліктер шекарадан еш қиындықсыз өтетіні айтылды, яғни алаңдаудың қажеті жоқ. Көп адам сол хабарламаға сенген, өйткені олар қолжетімді бағаға сапалы автокөлік алғысы келеді.
"Мен көлікті бір жыл бұрын сатып алдым. Бұл менің жалғыз көлігім, негізгі табыс көзім. Балаларымды мектепке апарамын", - деп шағымданды астаналық Ардақ.
Ол Honda көлігін 2 миллионға сатып алғанын, оны тіркеу үшін қайта өңдеу ақысы 3 миллионға жуықтайтынын айтты. Мүгедектігі бар ер адамның ондай ақшасы жоқ, көліксіз мүлде күн көріссіз қалады.
"Қазақстанда мұндай сомаға көлік сатып алу мүмкін емес. Екі миллионға ескі, 25 жыл қолданылған көлікті ғана сатып алуға болады. Мен салық төлеуден бас тартпаймын. Бұл көлік отбасымды асырап отырған негізгі табыс", - деді Ардақ.
Жарты сағаттан кейін наразылық білдірушілер әкімшілік полиция ғимараты алдына барған. Оларға Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ өкілі, полиция подполковнигі Елжан Чубеков шықты.
"Көлік басқа мемлекетте тіркелген болса, кедендік рәсімдеуден өту керек. Мемлекеттік баж салығын төлеңіз. Әркімнің жағдайы әртүрлі. Сол жақ рөлді көліктер бізге тіркеле алады, ал оң жақ рөлді көліктер өкінішке қарай, жоқ", - деді Чубеков.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған жиыннан кейін тұрғындар қайтадан көшеге шықты.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті ресейлік нөмір тағылған көліктерді тексеруге қатысты пікір білдірген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также