30 желтоқсан 2020 18:55

Нұр-Сұлтанда сарбаз бес баланы өлімнен құтқарды

Сарбаз Нұр-Сұлтанда кішкентай бес баланы өрттен құтқарды. Ол өрт шыққанын дүкенде тұрған кезде кездейсоқ білген. Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіндегілер елордалық батырдың оқиғасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық гвардия сарбазы, ефрейтор Темірлан Әмірғазин Нұр-Сұлтан дүкендерінің бірінде тұрған кезде төбеден сылақ түсіп, желдеткіштен қалың түтін шығып жатқанын байқаған.

Реклама
Реклама

Жігіт бұл туралы дүкен сатушысы мен сатып алушыларға айтқан. Көп ұзамай түтін жатақхананың екінші қабатындағы терезеден шығып жатқаны анықталған. Пәтердің иесі сол дүкеннің сатушысы екен. Өртте оның үш баласы қалып қойған.

"Ішке кіру үшін көшедегі баспалдақпен көтерілуге ​​тура келді. Бірнеше жігітпен бірге жоғарыға көтеріліп, оның үш баласын және көрші пәтерлерден тағы екі баланы шығардық. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін жалын шықпауы үшін жатақхана дәлізіндегі барлық терезені жауып, пәтердегі барлық техниканы өшіріп тастадым", - деді ефрейтор Темірлан Әмірғазин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram