29 наурыз 2022 16:58

Нұр-Сұлтанда сауда орталығына "бомба қойған" ер адам іздестіріліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: 2gis

Нұр-Сұлтанда белгісіз ер адам "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығына "бомба" қойғанын айтып сауда үйінің әкімшілігіне хабарласқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда белгісіз ер адам "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығына "бомба" қойғанын айтып сауда үйінің әкімшілігіне хабарласқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"102" нөміріне 29 наурыз күні сағат 13&39-да сауда үйінің әкімшілігі хабарласып арызданған.

"Бізге "Сарыарқа" сауда орталығының әкімшілігінен жұмыс нөміріне белгісіз ер адамның телефон соғып, 8 минуттан кейін жарылыс болатынын айтқаны туралы хабарлама түсті. Төтенше жағдайлар қызметі дереу оқиға орнына жөнелтілді. Тексеру барысында жарылғыш құрылғы және басқа да күдікті заттар табылған жоқ. Ғимараттан 350 адам эвакуацияланды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын айтты. Бұл баптың санкциясында бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе келтірілген зиянды өтеумен қылмыстық жауаптылық көзделген.

"Қазіргі уақытта жарылғыш зат туралы хабарлаған адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жарылғыш зат қойғаны туралы жалған ақпарат таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді", - деп қосты елордалық жол полициясы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram