Нұр-Сұлтанда "Сергек" енгізілгелі қанша айыппұл төленгені айтылды

Фото:Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда "Сергек" жүйесі енгізілгеннен бастап жүргізушілерге 15 миллиард теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда "Сергек" жүйесі енгізілгеннен бастап жүргізушілерге 15 миллиард теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Ботагөз Қасыбек Нұр-Сұлтандағы "Сергек" жүйесі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында 2017 жылы жүзеге асырылғанын еске салды.

"Келісімге 2017 жылдың 3 тамызында қол қойылды. 8,2 миллиард теңге - бұл жобаға салынған инвестиция көлемі, келісімнің мерзімі - 6 жыл 7 ай, 24,9 миллиард - әкімдіктің міндеттемелері, әкімдік 2020 жылы оның 4,7 миллиард теңгесін төлеп тастады.

Нұр-Сұлтанда 15 миллиардқа жеткен барлық айыппұлдың 11 миллиарды мемлекеттік бюджетке төленді. Жоба толығымен келісілген, оған 2017 жылы инвестициялар басқармасы қол қойды. Біз бұл жобаны жалғастырып жатырмыз", - деді Ботагөз Қасыбек мәслихат отырысында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама