Нұр-Сұлтанда спортшы ұрып-соққан 4 жастағы қыз бен анасы қонақүйге орналастырылды

Қамқоршылық органы 4 жастағы қызды 46 жастағы спортшының аяусыз ұрып-соғуына қатысты мәселені бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қамқоршылық органы 4 жастағы қызды 46 жастағы спортшының аяусыз ұрып-соғуына қатысты мәселені бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қамқоршылық және қорғаншылық органы ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, 4 жасар қызды ер адамның аяусыз ұрып-соғу фактісі бойынша істің мән-жайын зерттеді, нәтижесінде балаға психологиялық көмек ұсынылды, материал Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына дайындалып жатыр. Анасының танысына қатысты қылмыстық іс қозғалды, қазіргі кезде тергеу изоляторына қамалған", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасындағылар. 

Қазір 4 жастағы қыз анасымен бірге балалар қонақ үйіне орналастырылған.  

Реклама
Реклама

"Қамқоршылық және қорғаншылық органы "Право" ҚҚ-мен бірлесіп, отбасына одан әрі көмек көрсетілуде. Қазір бала анасымен "Право" ҚҚ жанындағы балалар қонақ үйіне орналастырылды, психологиялық және медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - делінген хабарламада.  

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда ер адам төрт жасар қызды аяусыз ұрып-соққаны хабарланған.

Бұл оқиға бір апта бұрын болған. Қызды оның анасы Викторияның сүйіктісі - 46 жастағы спортшының ұрып-соққаны анықталды. Ер адам кінәсін мойындамай, қыздың өзі құлап кеткенін мәлімдеген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама