ПОДЕЛИТЬСЯ
10 ақпан 2022 | 15:46
Нұр-Сұлтанда статусы "қызыл" бола тұра оқшаулау тәртібін бұзған 6 мың тұрғын анықталды
Нұр-Сұлтанда статусы "қызыл" бола тұра оқшаулау тәртібін бұзған 6 мың тұрғын анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейсенова жыл басынан бері елордада оқшаулау тәртібін бұзушылардың саны артқанын айтты.
"Биылғы жылдың басынан 10 ақпанға дейін "Ashyq" жобасы нысандарында оқшаулау тәртібін бұзған 6 476 келушіні анықтады, оның ішінде 6 398 келушінің "қызыл" және 78 келушінің "сары" статусы бар", - деді Бейсенова брифингте.
Бас санитария дәрігердің айтуынша, қала тұрғындарының барлығы да өзіне, өз денсаулығына және өзгенің амандығына жауапкершілік алуға дайын емес екенін көрсетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также