22 наурыз 2020 09:26

Нұр-Сұлтанда тағы 2 адам коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтанда тағы 2 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігің сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда тағы 2 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігің сайтына сілтеме жасап. 

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында - 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 56 науқас тіркелді", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, кеше кешкі уақытта Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелген еді. 

Айта кетейік, 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Алматы мен Нұр-Сұлтан толығымен жабылады. "Жасыл дәліз" тек жүк тасымалдаушылар үшін ашық.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды