ПОДЕЛИТЬСЯ
25 наурыз 2021 | 16:03
Нұр-Сұлтанда тағы да қалың қар жауады
Нұр-Сұлтанда қалың қар жаууы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда қалың қар жаууы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" өкілдері Нұр-Сұлтанда жауған қар көлемі айлық нормадан көп екенін хабарлады. 23 наурызда елордада бір тәулікте 25,5 миллиметр қар жауған.
"Біз жауын-шашын мен жел екпінінің күшейетінін алдын ала болжағанбыз. Оңтүстік Каспий циклоны аймаққа жауын-шашынның мол мөлшерін алып келді. Ол елдің солтүстігі мен орталығына әсер етті. Бірақ алда тағы бір циклон бар. Қазір Қазақстан бойынша Жерорта теңізі мен солтүстік-батыс аймағынан екі циклон бірігіп жатыр", - деп хабарлады Қазгидромет өкілдері.
Болжам бойынша, 26-28 наурызда еліміздің барлық өңірінде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде қатты жел соғады. Елдің солтүстігінде көктайғақ және бұрқасын, ал оңтүстігінде найзағай мен бұршақ жауады. Сонымен қатар, синоптиктер температура көтеріледі деп болжады.
"Нұр-Сұлтанда алдағы үш күн, яғни 26-28 наурыз аралығында қар жауады. 26 наурызда жел екпіні бәсеңдейді - секундына 3-8 метр, түнде ауа температурасы 10-12 градусқа дейін төмендейді, күндіз ол нөлге тең болады.
27 наурызда тұман түсіп, көктайғақ болады, ал оңтүстік-батыстан 9-14 метрге дейін жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус нөлден төмен, күндіз 0-2 градус жылы болады.
28 наурызда жауын-шашын, кейде тұман және көктайғақ болады. Батыстан соққан жел солтүстікке ауысып, секундына 9-14 метрге дейін соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градусқа дейін төмендейді, күндіз нөл градус болады", - деді синоптиктер.
Айта кетейік, 23 наурызда Нұр-Сұлтанда таңертең қатты боран соқты. Елордада ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Барлық жол жабылды. Жүргізушілерге мүмкіндігінше сапарға шықпау ескертілді. Әуежайда ұшу-қону жолағы түнгі сағат үшке дейін жабылды. Елорданың барлық коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также