20 сәуір 2021 | 12:11

Нұр-Сұлтанда тағы екі сауда орталығында вакцинация пункті ашылады

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Нұр-Сұлтандағы тағы екі сауда және ойын-сауық орталығында коронавирусқа қарсы вакцинация пункті ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтандағы тағы екі сауда және ойын-сауық орталығында коронавирусқа қарсы вакцинация пункті ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова жақын арада астаналықтар "Керуен" сауда орталығы мен "Абу-Даби Плаза" кешенінде COVID-19 вакцинасын салдыра алатынын айтты.

"Бүгінде басқа сауда және ойын-сауық орталықтары мен үйлерде егу пункттерін ашу қарастырылып жатыр. Қазіргі уақытта адамдар көп жиналатын жерлерде қосымша егу бөлмелерін ашу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі. Жақын арада мұндай пункттер "Керуен" сауда орталығы мен "Абу-Даби плаза" кешенінде ашылады", - деді Бейсенова елорда әкімдігінің онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, сауда орталықтарында да медициналық ұйымдар сияқты санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.

"Халық санының көптігін ескере отырып, әрбір компонент үшін жеке орын дайындау қосымша қаралады. Бүгінде департамент мамандары осы мәселелерді пысықтап жатыр", - деді бас санитария дәрігер.

Бұған дейін "MEGA Silk Way" мен "Хан Шатыр" сауда орталығында вакцинация пункттері іске қосылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная